Қазақстан Байқоңырды дәріптеу арқылы туризмін дамытып, жылына 10 млрд еуро пайда таппақ

2029 жылға қарай Қазақстан туризмнен жылына 10 млрд еуро пайда табуды көздеп отыр. Сонымен қатар елге келетін туристер санын 15 миллионға жеткіземіз деп хабарлаған.
Қазақстан туристерге айқара құшақ ашып, Дүниежүзілік экономикалық форумы түзетін туризмді дамыту индексі рейтиңінде көтерілгісі келеді.
Еuronews агенттігінің хабарлауына қарағанда, ел үкіметі Қазақстанға 15 миллион турист әкелу қамына кіріскен. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, теміржол желілерін кеңейту және диджитал бетбұрыстарға жол ашу ісі жаңғырмақ.
Осылайша аталмыш саланың кірісін молайтып, €3 млрд қосуды жоспарлап отыр. Ал 2029 жылға қарай €10 млрд дейін пайда табу көзделген.
Жасанды интеллектке негізделген жаңа суперқолданба іске жегіліп, брондау мен навигация процесі жеңілдейді. Байқоңыр сынды турист көп баратын орындарды дамыту, глампинг-камералар, қонақ үйлер мен балалар лагерлерін құру жоспарланған.