Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Баспасөз қызметі
AIF форумы аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Армения экономика министрі Геворг Папоянмен кездесті. Кездесуде тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Elorda media.
«Армения нарығы қазақстандық өңделген өнімге қызығушылық танытып отыр. Біз 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі шикізаттық емес тауар жеткізуге дайынбыз», – деді.
Кездесу барысында бірлескен өндіріс, экспортты сақтандыру мен қаржыландыру мәселелері де талқыланды. Қазақстан армян әріптестерін осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ, наурыз айында өткен бизнес-миссия аясында армян импорттаушылармен келіссөздер өтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, экспортты қаржыландыру және сақтандыру мәселелері талқыланған болатын. Қазақстандық тарап армян серіктестерін осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.