Ресейдің Рязань қаласында стендап-комик Нұрлан Сабыровтың концерті өтпейтін болды. Бұл ақпаратты Рязань мемлекеттік агротехнологиялық университетінің әкімшілігі растады. 10 желтоқсанда университеттің Мәдениет сарайында концерті өтуге тиіс еді. Әлеуметтік желіде іс-шараның белгілі себептерге байланысты кейінге қалдырылғаны жазылған, алайда ұйымдастырушылар нақты мәлімет жариялаған жоқ.

Айта кетелік, Сабыровтың Ресейде өтетін концертінің алғаш рет тоқтатылуы емес. Бұған дейін оның Обнинскідегі концерті өтпей қалған, комиктің Қазақстанға жаппай көшкен ресейліктер туралы айтқан сөзі себеп болған. Сондай-ақ Сабыров бір стендабында қазақ тілін үйрену қиын екенін атап, орыстілді азаматтарды әжуалағаны қоғамда үлкен талқы тудырған еді.

Қараша айының соңында Нижневартовск пен Екатеринбург қалаларында да осындай жағдай қайталанды. Әртістің менеджері бұл ақпаратты растап, билет сатып алғандардың барлығына қаражат толықтай қайтарылатынын мәлімдеді.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай