Ауғаныстанда магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы небәрі 8 шақырым тереңдікте жатқан. Ауғанстан билігінің мәліметіне қарағанда, зілзала салдарынан 800-ден астам адам қаза тауып, 3000-нан астам адам жарақат алған.

Ауғанстанда болған қатты жер сілкінісінің салдарынан 800-ден астам адам қаза тапты. 3000-нан астам адам жарақат алды, — деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Джелалабад қаласының (Нангархар провинциясы) солтүстік-шығысында, аймақтан 27 шақырым қашықта орналасқан.

Деректе, сондай-ақ, дүмпу ошағының Пәкістан шекарасына жақын жерде болғаны айтылды.

Алғашқы шайқалыстан кейін де жер бірнеше мәрте тітіркенген.

Зардаптары

Ауғаныстан шекарасында орналасқан  төрт ауыл толығымен қирады. Сонымен қатар зардап шеккен бірқатар аудандарда байланыс үзілді деп айтылды.

Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің жедел әрекет ету топтары Шығыс провинцияларға аттанған. Куәгерлердің айтуына қарасақ, үйінді астында қалған балалар мен қарттар бар. Таулы аймақтың табиғаты да құтқарушылардың оқиға орнына жедел жетуіне бөгет болып отырғаны жазылады.