Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады. 

Бұл жайлы Ақорда хабарлады. Хабарламада:

«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп жазылған.

Еске салайық, биыл наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Жарлықтағы тармақта айтылғандай,  Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.

Агенттік төрағасы болып Атом энергиясы тағайындалды.