Valentino Garavani қорының 19 қаңтарда таратқан хабарламасына сәйкес, әйгілі модельер Рим қаласындағы өз үйінде, отбасы мүшелерінің жанында дүниеден озған.

1960 жылы Valentino сән үйін тең құрылтайшы ретінде негізін қалаған Валентино Гаравани ХХ ғасырдағы сән индустриясының ең ықпалды тұлғаларының бірі. Ол Джорджо Армани мен Карл Лагерфельдпен деңгейлес жас.

Дизайнер Жаклин Кеннеди, Диана ханшайым, Маргарет ханшайым секілді тарихи тұлғаларға, сондай-ақ Софи Лорен, Элизабет Тейлор, Одри Хепберн, Мерил Стрип, Джулия Робертс, Шэрон Стоун, Гвинет Пэлтроу сияқты әлемге танымал өнер жұлдыздарына арнап сәнді киімдер тіккен.

2007 жылы Валентино Гаравани сән сахнасымен қоштасатынын ресми түрде жариялаған.

Марқұммен қоштасу рәсімі 23 қаңтар күні Рим қаласындағы Санта-Мария-Маджоре шіркеуінде өтеді.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай