Delivero Дублин аймағында дрон арқылы ас-ауқат, азық-түлік жеткізу қызметін іске қосты. 

Азық-түлік жеткізетін Delivery мен Ирландияның Manna drones Inc компаниясы серіктес болды. Қос компания Дублин қаласының тұрғындарына айрықша қызмет түрін ұсынған. Енді берген тапсырыс лезде келіп, тағам «аспаннан түседі».

Батыс Дублиннің кейбір аудандарындағы Deliveroo клиенттері дрон арқылы жеткізу қызметін таңдай алады. Дрон 3 шақырым радиуста ұшады. Жеткізу уақыты — 3 минут. Құрылғы Бланчардстаундағы Манна орталығынан ұшырылады. 80 метр биіктікке дейін самғап, бір сағатта 80 шақырым қашыққа дейін жетеді.

Дрондар клиент шаңырағына жақындағанда жер бауырлап, арқан арқылы берген тапсырысын түсіреді. Мамандардың айтуына қарағанда, күніне 300 мәрте тамақ тасуға мүмкіндік бар.