«Ашық мемлекет». Желіде 16 млн Қазақстан азаматының жеке деректері тарап кетті

Желіде 16 млн Қазақстан азаматының жеке деректері тарап кетті.
Telegram-арнаның мәліметіне қарасақ, Қазақстан азаматтарының 15,8 миллион ЖСН, 17 миллион телефон нөмірі, мекенжайлар және өзге да ақпараттары медиаалаңында ашық көрсетілген. Бұл жайлы SecuriXy.kz жазды.
Мұның бәрі 799 мб мұрағат болған. «Сыры ашылған сандықта» азаматтардың аты-жөні, жынысы, туған күні, азаматтығы, тіпті ұйым деректері бар.
Сарапшылардың пікірінше, деректердің бұлай жайылып кетуіне жартылай ашық геосервистік API-ні игеріп алу, нашар қорғалған онлайн платформаларды бұзу немесе интеграциялық жүйелерден кездейсоқ түсіру себеп болуы мүмкін.
Деректер өзекті. Басым бөлігі 2022 жылға тиесілі, бірақ мұрағатта 2023-2024 жылдарға арналған мәліметтер де бар.
Мұның өзі деректердің сонылығын көрсетеді.