«Қар салынған шәрбат. Басама. Сирия тәттісі». Сириядағы аль-Машрафа ауылы күтпеген жерден туристік мекенге айналды
Сирияның Ливанмен шекаралас Каламун тауларында орналасқан аль-Машрафа ауылы бұрын контрабанда аймағы ретінде танылған. Бірақ қазір туристер көп баратын мекенге айналды.
Ауылдың танымал болуына қалың қар жауып, айналаны ертегідей қысқы көрініске бөлеген табиғи құбылыс себеп болған. Қар жамылған тау бөктері мен ақ ұлпаға оранған үйлер жергілікті жердің көркін айрықша аша түскен.
Азаматтық соғыс аяқталып, Башар Асад режимі құлағаннан кейін сириялықтарға бұрын жабық болған шекара маңындағы аймақтарға баруға мүмкіндік туды. Көпшілік бұл өңірге алғаш рет табан тіреп отыр.
Туристерді тек қар мен таулы табиғат қана емес, жергілікті ас — баасама да қызықтырған. Бұл – қарға араластырылған жүзім шәрбаты, аймақтың дәстүрлі тәттісі саналады.
Әлеуметтік желілерде аль-Машрафадан түсірілген бейнероликтердің кеңінен таралып, ауылға деген қызығушылықты одан әрі арттырды. Әсіресе, ұзақ уақыт бойы қар көрмеген тұрғындар үшін бұл мекен ерекше тартымды болып отыр.