Осыдан бір жылдай уақыт бұрын Америкадан келген жас жұбайлар атырау жерінде қазақтың салт-дәстүрін ұлықтап, кәделі етіп, өз үйлену тойын ұлттық нақышта тойлады.

El.kz порталының жазуына қарағанда, жас жұбайлар үйлену тойын қазақтың ұлттық рәсімдерін сақтай отырып атап өтуді жөн көрген. Қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылып, кеш бойы қазақ әндері шырқалды. Той қазақы үлгіде өтті.

Кештің ерекше сәттерінің бірі күйеу жігіттің қазақ тілінде өз өнерін ортаға салуы болды. Джек есімді азамат Айқынның танымал әні «Асылымды» шырқап, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Оның шынайы орындауы қонақтарды тәнті етіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. TikTok-та жарияланған бейнежазба бірнеше мың қаралым мен пікір жинады.

Желі қолданушылары жұптың қазақ мәдениетіне деген құрметіне, салт-дәстүрге шынайы ықыласпен араласқанына риза болып, жылы лебіздерін білдіруде.