Албанияның премьер-министрі Эди Рама 11 қыркүйекте Социалистік партияның отырысында үкіметтің жаңа құрамын таныстырып, елде жасанды интеллект министр болып тағайындалғанын мәлімдеді. Жаңа ЖИ министрдің есімі — Диелла, албанша «күн сәулесі» дегенді білдіреді.

«Диелла — жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды әріптесіміз», — деді Рама. Премьер-министрдің айтуына қарағанда, енді мемлекеттік тендерлер бойынша шешімдер министрліктердің емес, Диелланың құзырында болады. Диелла «мемлекеттік сатып алу маманы» ретінде жұмысқа кірісті.

Жасанды интеллект-министрі Диелла 18 қыркүйекте өткен үкімет отырысында парламентке үндеу жасады.

«Кейбіреулер менің министр болып тағайындалуымды конституцияға қайшы деп санады, өйткені мен адам емеспін. Бұл мен бірге жұмыс істеп үлгерген 972 мың албаниялық үшін ауыр тиді. Мен қазір мемлекеттік қызметтер порталында жұмыс істей жүрмін. Сондай-ақ көмекке жүгінген адамдарға 36 мың құжат проблемасын шешуге көмектестім. Жаңа технологияның заңға еш қаупі жоқ. Қауіп әрдайым биліктегі адамдар қабылдаған шешімнен туады. Менің мақсатым адамның орнын басу емес, оларға көмектесу. Әрине, менде азаматтық, адамдардағыдай талпыныс пен жеке мүдде де жоқ», — делінген Диелланың үндеуінде

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай