2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында көрермен аэротаксиге мініп, дүбірді доданы «ұшып-қонып жүріп» тамашаламақ. 

LA28 Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті жаңа такси түрі жайлы хабарлады. Құрылым Archer Aviation деген америкалық стартабқа иек артып отыр. Өнертақыштар тобымен ортақтасқан мамандар соны аэротаксилерді іске қосып, спорт ойындарына сән бермек.

Қала қонақтарына Midnight деп аталатын бес орындық, жедеғабыл ұшып-қона алатын электрлі әуе көліктері (eVTOL) ұсынылады.

Аталмыш аэротаксилар Лос-Анджелестегі кептелісті айналып өту үшін іске жегіледі, қаладағы негізгі нысандар арасында жолаушыларды тасымалдайды. Көлік бір нысан мен екінші бір нысан арасын сүт пісірім уақытта жалғап, жолаушыларды діттеген жеріне небәрі 10–20 минут ішінде жеткізеді.

Сонымен қатар 2028 жылға қарай қаладағы спорт ареналары, көлік хабтары және өзге де маңызды орындар іргесінен вертипорттар желісі салынады.

Мамандар алғашқы таксиді  2026 жылы ұшырып, шама-шарқын сынап көруді жоспарлаған. Қызмет құны да аса қымбат емес, Uber Black деңгейімен шамалас болады деп күтіліп отыр.

Орайы келгенде айта кетейік, аталмыш жоба LA28 деп аталатын тұрақты көлік стратегиясының бір бөлігі. Олимпиада кезінде қалалық инфрақұрылымды ширату, көлік ағынын азайту әрі ауа тазалығын сақтау нитінен туған.