АҚШ «өзін депортациялау» бағдарламасы бойынша алғашқы мигранттарын қайтарды

Фото: Orlando Sierra/AFP/Getty Images
АҚШ билігі «өзін-өзі депортациялау» бағдарламасы бойынша елден кетуге ниеттенген заңсыз мигранттарды топтап, алғашқы чартерлік рейс ұйымдастырды. Атап айтқанда, 64 адам Гондурас пен Колумбияға оралды. Олардың арасында АҚШ-та туып, «америкалық санатына» кірген балалар бар.
Мәліметті Дональд Трамп әкімшілігі жариялады. Бұл туралы 19 мамырда АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік департаменті ұсынған баспасөз хабарламасында айтылды.
Отанына оралған азаматтарға 1000 доллардан төленді
Өкілдік заңсыз мигранттардың өз еркімен қайтқанын, CBP home жаңа қосымшасы арқылы еліне оралуға ниет білдіргенін атады. Олар үшін Хьюстоннан екі ауысымлы чартерлік рейс ұйымдастырылды. Мигранттар тегін ұшып, 1000 доллар төлем алған. Сондай-ақ АҚШ-қа заңды түрде оралу мүмкіндігін иеленген.
Гондурас билігі қайта оралған 38 адамға қосымша 100 доллар бөліп, азық-түлік маркаларын берген. Сонымен қатар жұмыс тауып беретініне уәде етіп отыр. Колумбияға оралған 26 адамға да ел билігі «әлеуметтік қызмет көрсетті». Бұл жайлы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік департаменті баяндады.