АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің мәлімдемесіне қарағанда, Дональд Трамп осы аптада Ресейге қарсы санкция мөлшерін арттыруды көздеп отыр. Бұл шешімге түрткі болған себеп Трамп пен Путиннің Аляскадағы кездесуінен соң Украина мен Ресей арасындағы соғыста еш өзгеріс байқалмайды. Қос басшы бір бітімге әлі келмеді.

«Президент Путин, Еуропа көшбасшылары мен Зеленский Анкоридждегі тарихи кездесуінен кейін Ақ үйде уәде еткен сөздерінде тұрмады. Путин соғысты тоқтатуға қадам жасаудың орнына, дауды жалғастыруға мүдделі.», — деді Бессент Fox News арнасына берген сұхбатында.

Ал Владимир Путин Қытайдағы саммитте Дональд Трамппен болған келіссөздің нәтижесі бейбітшілікке жол ашуы мүмкін екенін айтты. Путин мен Трамптың өзара түсіністік танытқаны да хабарланды. Алайда Ресей басшысының нақты не үшін уағдаласқаны ашық мәлімденбеді.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай