Біріккен Араб Әмірліктері әлемде алғашқы болып ЖИ арқылы заң жазуға көшті

Әлемнің кей елдері жасанды интеллекке жүгіну арқылы заң жазуға кірісті. Біріккен Араб Әмірліктері бұл бағытқа алғашқы болып адым атты.
Ел жасанды интеллект арқылы заңнаманы әзірлеуге және қайта қарауды жүзеге асыратын жүйесі іске қосты. Бұл — әлемдегі бірінші жүйе.
Financial Times агенттігінің жазуынша, ЖИ тек федералдық және жергілікті заңдарды дайындауда ғана емес, сонымен қатар сот шешімдерін қалыптастыруда, атқарушылық процедураларды реттеуде және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде де кәделі болмақ.
Сонымен қатар, БАӘ Министрлер кабинеті жаңа орган — нормативтік барлау басқармасын құрды, ол заң шығарудағы цифрлық процестерді жүзеге асыруға және қадағалауға жауапты болады.
— Бұл жүйе заң шығаруға деген көзқарасымызды өзгертеді: процесс жылдамырақ, дәлірек және нәтижеге бағытталған болады, — деді БАӘ вице-президенті және Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум.
Билік атап өткендей, ЖИ-ны құқықтық реттеуде қолдану қолданыстағы конституциялық нормалар аясында және ашықтық пен есеп берудің барлық принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
БАӘ үкіметі болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай жасанды интеллекттің жаһандық экономикаға қосқан үлесі 15,7 трлн долларға жетуі мүмкін, бұл БАӘ-дағы ЖІӨ-ді 35%-ға дейін ұлғайтады, сонымен қатар мемлекеттік шығындарды екі есе азайтуға мүмкіндік жасайды.