Ресей әлем елдері бас қосатын Дүниежүзілік экономикалық форумына шақырту алмады
16.01.2026
Ресей Дүниежүзілік экономикалық форумға шақырту алмай, қалыс қалды. Бұл жайлы Ресейдің Швейцариядағы елшілігі хабарлады.
Берн қаласы орналасқан Ресей елшілігінің хабарлауына қарағанда, Ресей 2022 жылдан бері форумнан қалыс қалып келеді, Ресейдің не бизнес өкілдері, не ресми тұлғалары шақырылмайды. Сондай-ақ форум іс-шараларын жариялау үшін ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына аккредитация берілмейді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 56-сессиясы Давоста 19–23 қаңтар аралығында өтеді. Форум аясында әлемдік саяси және іскерлік элита өкілдері жаһандық экономиканың өзекті мәселелері мен халықаралық қауіпсіздік тақырыптарын талқылауды жоспарлап отыр.