«Теңіз үстінде тоқ өндіруге көшкен ел». Қытай әлемде алғаш болып 20 мегаватт күші бар жел турбинасын орнатты
Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясының жағалауына жақын жерде қуаты 20 мегаватт болатын әлемдегі алғашқы теңіз жел турбинасы сәтті орнатылды. Бұл жаңалық жаңартылатын энергетика саласындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.
Қытайда әзірленіп, құрастырылған алып жел турбинасының ұзындығы 147 метр, үш қалағы бар. Қалақтардың айналу аумағы, шамамен алғанда, он футбол алаңының көлеміне тең. Турбинаның роторы теңіз деңгейінен 174 метр биіктікте орналасқан. Орнату жұмыстары 2 мың тонна жүк көтергіштігі бар жүзбелі кран арқылы жүрген.
Нысан Фуцзянь провинциясының жағалауынан шамамен 30 шақырым қашықтықта, тереңдігі 40 метрден аумақта орналастырылған. Мұндай құрылымды орнату барысында бірқатар қиындықтар болды деп хабарланды. Атап айтқанда, теңіз толқыны, биіктікте жүрген құрылыс, тайфун маусымының жақындауы.
Сонымен қатар жаңа инженерлік табыстар да кәдеге жараған, турбинаның салмағын едәуір азайтуға мүмкіндік берген. Құрылғы энергожүйеге қосылғаннан кейін сағатына 80 миллион киловатт электр энергиясын өндіре алады. Бұл көрсеткіш 40 мыңға жуық шаруашылылықты электр қуатымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Көмір жағу арқылы алынатын энегиямен салыстырғанда тиімді, атмосфераны 64 мың тонна көмірқышқыл газынан сақтайды.