Ұлттық электронды кітапханаға жүгінген оқырман саны 700 мыңнан асқан
13.01.2026
Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 700 мыңнан асты. Платформаның ресми дерегіне сәйкес, бүгінде тіркелген қолданушылар саны 718 955 адамға жеткен.
Ұлттық электронды кітапхана 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының негізінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы ретінде іске қосылған.
Қазіргі таңда кітапхана қорында 64 тілде ұсынылған 83 809 құжат бар. Оның ішінде кітаптар, ғылыми мақалалар, диссертациялар, сондай-ақ аудио және видео материалдар қамтылған.
Ұлттық электронды кітапхананың оқырмандары 122 елден тіркелген. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция және Қырғызстан сынды мемлекеттер бар.