Британ актері, 16 жастағы Оуэн Купер «Өтпелі кезең» (Adolescence) атты телехикаяда басты рөл сомдағаны үшін үздік деп танылды. Бұл туралы Калифорния штаты, Беверли-Хиллз қаласында өткен 83-ші «Алтын глобус» сыйлығының салтанатты рәсімінде хабарланды.

Сонымен қатар «Өтпелі кезең» мини-сериалдар арасынан үздік сериал деп танылды. Мини-сериалдағы үздік актер сыйлығын фильмде басты кейіпкердің әкесін сомдаған Стивен Грэм иеленді.

Мини-сериалдағы үздік актриса номинациясын Мишель Уильямс («Өлгім келеді, секс туралы», Dying for Sex) жеңіп алды. Ол фильмде сүт безі рагына шалдыққан әйел рөлін сомдады. Кейіпкері 15 жыл бірге болған күйеуін тастап, өз болмысын зерттеуге бел буады.

«Алтын глобус» сыйлығы – Голливудта аккредиттелген шетелдік журналистер қауымдастығы жыл сайын тағайындайтын ең беделді марапаттардың бірі. АҚШ-тағы мәртебесі бойынша ол тек «Оскар» сыйлығынан ғана кейін тұрады. Сыйлық 20-дан астам категорияда табысталады.

«Алтын глобус» сыйлығы 1943 жылғы қазанда құрылған, ал алғашқы салтанатты марапаттау рәсімі 1944 жылғы қаңтарда өткізілген.