Лос-Анджелесте «Алтын глобус» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
Лос-Анджелесте кино және телевизия саласындағы беделді «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биыл драма жанрындағы үздік фильм номинациясын «Хамнет» картинасы иеленсе, үздік мюзикл мен комедия жанрындағы фильм ретінде «One Battle After Another» танылды. «Алтын глобус» «Оскар» сыйлығына дейінгі үздік марапаттың бірі.
«Хамнет» — режиссер Хлои Чжаоның туындысы. Фильмнің желісі ирландиялық жазушы Мэгги О’Фарреллдің осы аттас романына негізделген. Туынды Уильям Шекспирдің 11 жасында қайтыс болған ұлы Хемнеттің өміріне қатысты көркем қиялға құрылған оқиғаны баяндайды. Фильмдегі басты рөлдерді Пол Мескал мен ирландиялық актриса Джесси Бакли сомдады. Джесси Бакли Агнес Шекспир рөлі үшін «Үздік драмалық актриса» номинациясында «Алтын глобус» жүлдесіне ие болды.
Ал Пол Томас Андерсонның «One Battle After Another» фильмі мюзикл мен комедия жанрындағы үздік фильм деп танылды. Режиссердің өзі де «Үздік режиссер» аталымында марапатталды. Леонардо Ди Каприо ойнаған комедия үздік режиссура және үздік сценарий номинацияларында да жоғары бағаланды.
Ал мюзикл мен комедия жанрындағы үздік ер және әйел рөлдері тиісінше «Марти Великолепный» фильмінде кәсіби үстел теннисі ойыншысын сомдаған Тимоти Шаламе мен «Я бы тебя пнула, если бы могла» картинасындағы рөлі үшін Роуз Бирнге бұйырды.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай