Мемлекеттік кіріс комитеті шетелден қаржыландырылатын қазақстандықтардың жаңа тізімін жариялады. Бұл тізім 2025 жылдың бірінші жартыжылдығын қамтиды.

Жаңа тізімге барлығы 186 қазақстандық енген. Толық нұсқасын комитеттің ресми сайтынан көруге болады.

Тізімге жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар кірген.

Айта кетелік, Қазақстанда шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың тізімі 2022 жылдан бері жарияланып келеді. Бұл бастама азаматтардың мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарға деген сенімін арттыруға бағытталған. Комитеттің хабарлауына қарағанда, шетелден алынған қаржысын есепке беру талабы әлемдік тәжірибеге сәйкес жүргізіледі.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай