Оңтүстік Африкада өткен саммитте «әлемнің Америкасыз да күнелте алатыны» хабарланды
Оңтүстік Африкада өткен G20 саммиті АҚШ-сыз да әлем елдері ынтымақтастығын жоғалтпайтынын көрсетті, деп хабарлайды Bloomberg басылымы. Америка президенті Дональд Трамптың саяси мәлімдемесіне қарамастан, Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса жаһандық ынтымақтастық, теңдік және елдің тұрақты дамуын қадағалайтын декларацияны қабылдады.
Аталмыш саммитке АҚШ ресми түрде қатыспаса да, әлем халқының үштен екі бөлігін, ал ғаламдық ЖІӨ-нің шамамен үштен екісін иемденетін елдер бірікті. Жиын халықаралық қауымдастықтың ортақ проблемасын шешуге, алып державаға қарсы тәуелсіз позиция құруға бағытталды.
АҚШ билігі Оңтүстік Африкаға G20 атынан бірлескен мәлімдеме жасамауды ескертіп, жеке саясатына келіспейтін кез келген құжатты қабылдамайтынын айтты. Вашингтон билігінің пікіріне қарағанда, Оңтүстік Африканың басым тұстары АҚШ саясатына қайшы келеді.
АҚШ-тың қатқыл жүйесіне қарамастан, Оңтүстік Африка G20 мүшелерімен келіссөзін жалғастырып жатыр. Германия мен Бразилия декларацияны қолдаса, АҚШ пен оның одақтастары, соның ішінде Аргентина, климаттық саясат пен гендерлік теңдікке қатысты тұжырымдарға қарсылық білдірген.
Биылғы саммит G20 елдері ішіндегі көзқарастың өзгеріп жатқанын және дамушы елдердің саясаты күшейе түскенін байқатады.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай