УЕФА Чемпиондар Лигасының «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчы 30 қыркүйекте өтеді. 

Жоспарға сәйкес, Алматыдағы орталық стадионға 4 мыңнан астам турист барса, қоржынға 2-3 млрд теңгеге түсуі мүмкін. Бұл Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Қарипбаев мәлімдеді.

«Қазір бұл мәселе жиі көтеріледі. Біз мұндай сұрақтарға жауап бердік. Жалпы квота бойынша бізге 4 мыңнан астам шетел турисі келеді», — деді төраға.

Сонымен қатар Кәріпбаев Алматы қаласын,  қала инфрақұрылымы, оның ішінде қонақүйлердің қонақ күтуге дайын екенін атады.