«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты ұшақ жанармайының құнын негізсіз көтеру дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ELORDAMEDIA ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Департамент «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлік кодекстің 224-бабына сәйкес департамент алдын ала қорытынды жобасын кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын жіберген. Жіберілген қорытынды жобасы – алдын ала дайындалған құжат ретінде саналады, ол құжатпен танысу және түсініктеме беру үшін ұсынылады. Тергеу аяқталғаннан кейін қорытынлы баға беріледі», – деп жауап берді Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті ҚазТАГ-тың ресми сауалына.

Еске сала кетсек, Астана әуежайына ұшақтарға жанармай құнын заңсыз қымбаттатты деген айып тағылғанын ҚазТАГ 17 қыркүйекте хабарлаған еді.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай