Америка президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы жазып, екіжақсы келіссөз ауаны мен бағыт-бағдары туралы жазды.

Америка көшбасшысы Қазақстан президентін саяси қызметіндегі жетістігіне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихтағы ең ірі теміржол жабдықтарын сатып алу келісіміне қол қойғанына құтты болсын айтты.

«Қазақстан АҚШ-та өндірілген локомотивтер мен теміржол жабдықтарын сатып аламыз деп құны 4 млрд доллар болатын келісімге қол қойды. Бұл тарихтағы ең ірі келісім. Президент Тоқаевтың осындай үлкен сауда жасағанына құтты болсын айтамын», — деп жазды Трамп.

АҚШ президенті теміржолдың ел әлеуетін арттыруға қосар үлесін де тілге тиек етіп,  Америка мен бүкіл әлемнің дамуында шешуші рөл атқарғанын маңызды желі екенін атады.

«Бұл сала қарқынды түрде қайта оралады», — деді президент.

Айта кетелік, келісімге сәйкес, Қазақстанға америкалық Wabtec компаниясы 300 локомотив пен қосымша жабдық жеткізеді. Құжатқа қол қою рәсімі Нью-Йорк қаласында өткен болатын.