Ким Жен Ын АҚШ-пен келіссөзге дайын, алайда қаруды қолдана бермек

Солтүстік Корея басшысы АҚШ КХДР-ды ядролық қарусыздандыру идеясын жоққа шығарса, келіссөз жүргізуге «еш себеп көрмейтінін» айтты. Президенттің айтуына қарағанда, Дональд Трамп өзі үшін жақсы тұлға.
«АҚШ біздің елімізде ядролық қарудың жұмысын тоқтатқан соң қандай әрекетке көшетінін әлем елдері жақсы біледі. Бұл бізді мәжбүрлеу арқылы іске аспайды.– деді КХДР басшысы KCNА агенттініне берген сұхбатында. Кимнің сөзіне қарағанда, өз елінде ядролық қарудың жұмысын ешқашан тоқтатпайды.
Ким Жен Ын сондай-ақ Оңтүстік Корея билігімен бірікпейтінін айтты. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп жайлы жақсы көзқараста қалғанын мәлімдеді. Еске сала кетелік, Ким мен Трамп республикалық саясаткердің Ақ үйдегі алғашқы президенттік өкілеттілігінде үш рет кездескен.
АҚШ президенті КХДР басшысымен қайта кездесуге дайын
25 тамызда Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Трамп пен Кимнің тағы бір жеке кездесуін ұйымдастыруды ұсынды. Оның ойынша, мұндай кездесу АҚШ президентінің қазанда Оңтүстік Кореяға АТЭС форумына сапары кезінде өтуі мүмкін. «Мен Киммен биыл кездесуге қуана келісер едім», – деп жауап берді Трамп.
Ақ үй басшысы Солтүстік Корея басшысын жақсы білетінін айтты: «Оны менен артық білетіндер тек оның әпкесінен басқа жоқ шығар». «Мен оны көргеніме қуанышты болар едім. Ол маған өте достық ниет көрсетті», – деп келтіреді AFP агенттігі Трамптың сөзін.
Пекиндегі кездесуде Ким Путинге толық қолдау білдірді
3 қыркүйекте Ресей мен КХДР көшбасшысы Қытай астанасында кездесіп, өздерінің сенімді әрі тығыз қарым-қатынасын тағы бір мәрте атады. Ким Путин үшін және «орыс халқы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға» дайын екенін айтты. Ал Ресей президенті Солтүстік Корея сарбаздарын Украинадағы соғысқа жібергені үшін алғысын білдірді.
Бұған дейін Ким мен Путин ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің құрметті қонағы ретінде Бейжіңдегі әскери парадқа қатысқан еді. Бұл Ресей, Қытай және Солтүстік Корея басшыларының бірінші рет дәл осылай кездесуі еді. АҚШ президенті Дональд Трамп үш ел басшысын Америкаға қарсы астыртын сөз байласты деп айыптады.
Материалды дайындаған:Мөлдір Түктібай