АҚШ президенті Дональд Трамптың мемлекеттік сапармен Лондонға барған күні Ұлыбритания мен АҚШ жасанды интеллект, кванттық технология және ядро энергетикасын дамыту бойынша “технология шартын” жасасатынын жариялады. Сондай-ақ Американың жаңа технологиядан көшбасшы компаниялары Ұлыбританияға 31 млрд фунт (42 млрд доллар) инвестиция құятынын мәлімдеді.

Microsoft серверлік инфрақұрылым мен жасанды интеллектіге, сондай-ақ Лондонда жаңа суперкомпьютерді құруға 22 млрд фунт салатынын хабарлады. Google Лондон маңында жаңа деректер орталығын салуға және жасанды интеллект саласындағы зерттеулерге бес миллиард фунт инвестициялайды.

Чип өндіруші Nvidia Ұлыбританияға жасанды интеллект саласындағы Stargate UK жобасы аясында британдық Nscale және америкалық OpenAI компанияларымен бірлесіп 120 мың озық GBU чипін жеткізетін болады.

CoreWeave фирмасы Шотландиядағы DataVita компаниясымен бірлесіп, энергия үнемдейтін деректер орталығына бір жарым миллиард фунт инвестиция құймақ.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай