Палестинаны қолдайтындар la Vuelta веложарысы кезінде ереуілдетіп, Израиль спортшыларының жолын жауып тастады

Фото: Manu Fernandez/AP Photo/picture allianc
Палестинаны жақтайтын белсенділер la Vuelta веложарысында шерулетіп, спортшылардың жолын жауып тастады.
Мадридте Палестина жалауларын ұстаған ереуілшілер Израиль командасы қатысып жатқан 21 күндік веложарыстың соңғы кезеңіне бөгесін болып, доданың шырқын бұзды.
Бұған дейін Испания премьер-министрі социалист Педро Санчес Израиль командасына қатысты оң пікір білдіріп, дайындығы мен шама-шарқының мол екенін айтып мақтаған.
Ереуілдеткен белсенді азаматтар Гран-Виа көшесіндегі қоршауларды бұзып өтіп, велосипедшілер өтетін жолға шықты. Полиция көзден жас ағызатын газды қолдана бастады.
La vuelta ұйымдастырушылары велосипедшілердің келуін күтпестен жарыстың соңғы кезеңін тоқтатты.
Ереуілге шыққандар бұл жаңалықты қуана-қуана қабыл алды. Олар:
«Палестина осы «Вуэльтада» жеңіске жетті», «Израильге Бойкот жариялау», «Бұл соғыс емес, бұл — геноцид», «Жазықсыз балаларды өлтіруге болмайды» деп айқайлаған. Бұл туралы AFP агенттігі мәлім етті.
Еске сала кетелік, Палестинаны қолдайтын белсенділер Израильдің Israel-Premier Tech командасының жарысқа қатысуына қарсы шығып, наразы болған.