Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда ЖИ бойынша жаңа министрлік құрылады»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына бағытталған Жолдауын жариялап жатыр.
“Үш жылдың айналасында Қазақстан диджитал технология бойынша алпауыт елге айналуға тиіс”, — деп мәлімдеді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ЖИ саласын жүйелейтін жаңа министрлік құру қажет деп санайды. Оны премьер-министрдің орынбасары болып жүрген шенеунік басқаратын болады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін банк ісіне қатысты жаңа заң жазуды тапсырды. Алатау қаласының айрықша мәртебесіне қатысты қарар дайындау мен инфляцияны ауыздықтаудың амал-тәсілдерін кеңейту мәселесіне тоқталды.
Президенттің хабарлауына қарағанда, Қазақстан таяу арада екінші және үшінші АЭС салу мәселесін жоспарғауға кірісуі керек.
Мемлекет басшысы еліміздегі экономиканың «ұятты» ахуалына тоқталып, қалыптасқан жағдайды сынға алды. Қазақстан нарығына дендеп енген сыртқы тауарларға деген тәуелділіктен арылуды таптсырды. Импорттан толық арылудың мүмкін емес екенін де айта келіп, нарықтағы жағдайдың көңіл көншітпей тұрғанын баяндады.
«Біздің нарықтың қандай күйге түскенін айтудың өзі ұят», — деді Тоқаев.
Ел президенті транзитке байланысты атқарылып жатқан жобаларды да сөз етті. Президенттің мәлімдеуін бағамдасақ, Қазақстанда бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан барлық жобалар біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеу керек.
«2024 жылы біздің аумақ арқылы тасымалданған жүк құны $1 млрд болды», — деп айтты мемлекет басшысы.
Мұнымен қоса, президент өз жолдауына қайтарылған жерлерді игеру, кәдеге жарату бойынша әкімдерге тапсырма берді. Әкімдер алдағы жылдың ортасына дейін айтылған тапсырманы мінсіз орындауға тиіс.