Енді есепшоты мен банк картасын бөтен адамға бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Өзінің есепшоты мен банк картасын бөтен адамға берген адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп хабарланды. Заң 16 қыркүйектен бастап өз күшіне енеді.
Бұл туралы Әшкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап елімізде жаңа заң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген 232-1-бапқа сәйкес, өз атына рәсімделген банк картасы мен есепшотын үшінші тұлғаға берген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Полицияның хабарлауына қарағанада, мұндай қылмысқа барғандар үшін өте қатаң жаза қолданылмақ. Яғни, заңды бұзғандар 160 АЕК (629 120 теңге) айыппұл салынып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Болашағыңызды қауіпке тігіп, қылмысқа жол бермеңіз! Заңды сақтап, өзіңізді және отбасыңызды қорғаңыз. «Ақша оңай келеді» деген уәделердің артында алаяқтық тұрады. Дроппер – жай ғана құрал емес, ол қылмыскердің серігі», – деп ескертеді ІІМ.
Айта кетейік, алаяқтар негізінен дроппердің көмегімен ақша жымқырады. Елде дропперлерге қатысты жаза қарастырылмаған. Бірақ алаяқтарға алданған халық санының жыл сайын арта түскеніне байланысты парламент заңға өзгеріс енгізіп, тиісті нормалар қабылдаған.