OpenAI алдағы бірнеше айда Үндістан астанасы Нью-Делиде шетелдік кеңсесін ашып, нарыққа толық орнығу мақсатында қызметкерлерді жұмысқа алуға дайын.

Жасанды интеллектіге негізделген ChatGPT чат-ботымен танымал компания жұма күні жариялаған мәлімдемесінде командасын кеңейту үшін кадр қабылдауды бастағанын хабарлады. Қазір Үндістанда кемінде жеті жыл тәжірибесі бар мамандарға арналған үш вакансия жарияланды. Болашақта тағы да жаңа жұмыс орындары ашылуы мүмкін. Қазір OpenAI-дың Үндістандағы жалғыз қызметкері Прагья Мисра былтыр компания қатарына қосылып, елдегі мемлекеттік саясат пен серіктестік бағытын басқарып отыр.

OpenAI Үндістанда кеңсе ашу арқылы ел үкіметімен тығыз байланыс орнатып, бизнес серіктестерді тартпақ. Шетелдік компанияға Үндістан халқының жаңа технологияны тез меңгеруі аталмыш шешімді қабылдауға түрткі болған. Бұл сондай-ақ 1.4 млрд халқы бар ел үшін маңызы зор жоба болады. Компания Үндістанға арнаулы ірі және шағын тіл моделінде әзірленетін IndiaAI жобасына 1.2 млрд доллар қаржы құйып, үкіметпен ынтымақтасуды жоспарлап отыр.

Үндістан әлемдегі халық саны бойынша көш бастап тұрған ел қатарында. Сондықтан бұл жоба OpenAI компаниясының технология нарығына бейімделуін ілгерілетеді.  Сондай-ақ Үндістан — ChatGPT қолданушыларының саны бойынша екінші орында. Осы аптада компания тұтынушыларды тарту үшін айына 5 доллардан төмен қолжетімді тариф жоспарын ұсынды. Сондай-ақ тегін базалық тариф пен өзге де ақылы премиум жазылымдар қолжетімді.

OpenAI биыл жылдың соңында Үндістанда алғашқы Developer Day (Бағдарлама әзірлеуші күнін) іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай