NPSIG Астана қаласында тағы бір флешмобын дүркіретіп өткізді.

Астаналықтар ана тілінде жаппай кітап оқу науқанына атсалысты. Қаланың 100-ден астам қатысушылары қазақша шығармалар оқып, 5 минут көлемінде шығармашыл әлемнің мын сан түрлі мекеніне сапарлады.

NPSIG ұйымдастырған биылғы бастаманың ерекше тұстары да бар. Атап айтқанда,  флешмобқа қатысқан барлық оқырман кейін өз кітаптарын Қазақстанның көпшілік кітапханаларына сыйға тартты. Мұндай игі қадам арқылы кітап оқу мәдениетін нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Іс-шара IFLA  (International Federation of Library Associations ) бастамаларының аясында өтті.

Ұйымдастырушылар WLIC Ұлттық комитетіне ерекше ықылас танытып, Мega Silk сауда орталығында керемет іс-шара өткізуге көмектескені үшін алғыс білдірді.