Дональд Трамп Путин мен Зеленскийдің екіжақты кездесуіне дайындықты бастады
19.08.2025

Дональд Трамптың Truth Social желісінде хабарламасынан:
Кездесулер аяқталған соң мен президент Путинге қоңырау шалып, Зеленскиймен кездесуі үшін дайындықты бастадым. Кездесудің өтетін орны кейінірек анықталады.
Америка басшысы екіжақты кездесуден кейін үшжақты формат болатынын айтты:
Бұл кездесу өткен соң бізде үшжақты кездесу өтеді, оған екі президент пен мен қатысамын.
Трамп сондай-ақ кездесуде Украинаның қауіпсіздігі талқыланғанын, оларды әртүрлі Еуропа мемлекеттері АҚШ-пен кеңесе отыра қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
Материалдыь дайындаған: Мөлдір Түктібай