Apple корпорациясы мен Synchron компаниясы нейроимплант орнатылған сал ауруына шалдыққан ер адамның iPad планшетін ой күшімен қалай басқарғанын көрсетті. Бұл туралы PC Mag басылымы жазды.

Бейнежазбада бүйір амиотрофиялық склерозымен ауыратын Марк Джексон есімді азамат. Synchron компаниясының жаңа Stentrode технологиясының көмегімен ол «iPad құрылғысының басты экранын қозғап, қосымшаларды ашып, мәтін жаза алады — мұның бәрі қолдың, дауыстың немесе көздің көмегінсіз», — делінген компания мәлімдемесінде.

The Wall Street Journal басылымының жазуына қарағанда, Stentrode құрылғысы адамның миының қимыл-қозғалысқа жауапты бөлігінің үстіндегі тамырға имплантацияланады. Аталмыш құрылғының Илон Масктың Neuralink жобасынан айырмашылығы, Apple құрылғысына бейстандарт жолмен қосылған болса, Stentrode арнайы осы техникаға бейімделіп жасалған және оның бірнеше функциясын қолдайды.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай