Иранда ел қорғанысын қамтамасыз ететін жаңа Кеңес құрылады.

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ЖҰҚК) жаңа стратегияға көшті. Енді елді сыртқы қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған арнаулы орган — Елдің қорғаныс кеңесін құрылады. ЖҰҚК қабылдаған шешім жайлы ТАСС жазды.

ЖҰҚК хатшылығының мәлімдемесінде:

— Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі Иран Конституциясының 176-бабына сәйкес, Елдің қорғаныс кеңесін құруды мақұлдады, — деп айтылған.

Мәлімдемеде атап өтілгендей, бұл органға Иран президенті төрағалық етеді, ал құрамына сот билігінің басшысы, парламент спикері, ислам республикасының қарулы күштерінің жоғары басшылық өкілдері және бірнеше министр енеді.

Еске сала кетейік, Иранның ядролық бағдарламасын «реттеуге» Қытай мен Ресей араласқанын жазған едік. 

Иран, Ресей мен Қытайдың ядролық бағдарламаға қатысты келіссөзі 22 шілде күні Тегеранда өтті деп хабарлайды Tasnim басылымы. Кездесуде үш ел басшылары ядролық қаруға қатысты түйткілді шешу керегін, жағдайды одан ары ушықтырып алмай дипломатиялық қарым-қатынасты сақтап қалуды сөз етті. Иранның химиялық қаруына қатысты жағдайда әр тарап әрекетін толық қадағалауда ұстап, алдын ала келіссөз жүргізіп отыру ұсынылды. Алдағы бірнеше аптада үшжақты басқосу жалғасып, түрлі деңгейдегі мәселе шешілмек. Іссапар кезінде Ресей мен Қытай делегациясының басшылары Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчимен және өзге де дипломаттармен жеке кездесті.

Reuters басылымының дерегіне қарағанда, кездесуде БҰҰ-ның Иранға қарсы халықаралық санкцияларын қайта енгізу мәселесі талқыланды. Аталмыш санкциялар 5+1 (JSPOA) елдер бірлестігінің шешімімен қайта күшіне енуі мүмкін. Алайда Иранның сыртқы істер министрі Казем Гарабабади санкциялар дағдарысты күшейтіп, қақтығыстардың санын арттырады деп мәлімдеді.