Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарағанда, Қазақстан халқының саны шілде айында 20 387 811 адамға жетті. Бір айдың ішінде тұрғындар саны 17,1 мыңнан аса адамға көбейген. 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша, елде 20 370 672 адам өмір сүрді.

Халық ең көп шоғырланған аймақтар:

  1. Алматы қаласы – 2 319 893 адам;

  2. Түркістан облысы – 2 150 228 адам;

  3. Алматы облысы – 1 578 089 адам;

  4. Астана қаласы – 1 576 337 адам.

Халқы миллионнан асатын басқа өңірлер:

  • Шымкент – 1 277 743 адам

  • Жамбыл облысы – 1 220 041 адам

  • Қарағанды облысы – 1 132 697 адам

Тұрғын саны аз өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 220 266 адам

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 518 049 адам

  • Абай облысы – 599 449 адам

Бұдан бөлек, Қазақстан халқының басым бөлігі қала тұрғыны ретінде тіркелген. Қалада тұратындар саны – 12 899 438 адам болса, ауылда 7 488 373 адам өмір сүреді.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай