2025 жылғы 3 маусымдағы Үкіметтің қаулысына сай еңбекақы төлеу жүйесінде өзгерістер болады.  Атап айтқанда, жағдайына қарай азаматтық қызметшілер, мемлекет бюджетінің есебінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлері, мемлекет қарамағындағы кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы артады. 

Құжатта көрсетілгендей, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызмет ететін мамандардың жалақысы артады.

Бұл өзгеріс мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, бұрын ауылдық елді мекен мәртебесінде болған, қазіргі таңда қала құрамына енген елді мекендерде орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты. Жалақы кемінде 25%-ға артады деп хабарланды. Бұл үстемақы елді мекеннің мәртебесі өзгерген сәттен бастап екі жыл бойы төленетін болады.

Қаулы 2025 жылғы 24 шілдеден бастап күшіне енеді.