2025 жылдың басынан бері қазақстандықтар eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы 26 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды. 

12 миллион немесе қолданушылардың 45%-ы смартфон арқылы электронды үкіметке жүгінген.

Электронды үкімет порталына тіркелген пайдаланушылар саны 14,8 миллионнан асты, оның ішінде 270 мың адам биыл ғана тіркелген. Сонымен қатар бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн жүзеге асырыла береді.

Ақпарат орталығының хабарлауына қарағанда, eGov Mobile мобильді қосымшасы  ел арасында жиі қолданыла бастаған.  Жыл басынан бері мобильді қосымша аудиториясы 1,1 миллионға көбейіп, 11 миллионға жетті. Қосымшадағы ең сұранысқа ие сервистердің бірі – «Цифрлық құжаттар» бөлімі. Бұл қызмет 41 миллионнан астам рет пайдаланылған.

Бүгінде қосымша арқылы жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, студенттік билет және басқа да маңызды құжаттарды қоса алғанда, 38 цифрлық құжат алуға мүмкіндік бар.

Дереккке сай, ай сайын eGov Mobile қосымшасын 5,8 миллионнан астам адам қолданып отыр.