Техастағы алапат су тасқыны салдарынан орасан жан шығыны болып, 160 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды. Оларды іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы CNN жазды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 120 тұрғын қаза тапты.  Ең көп жан шығыны — Керр округінде, аймақта 96 адам қаза тапты. Керр округінің су тасқынына қарсы іс-қимыл есебінде:

Нақты дерек бойынша 96 адам қаза тапты (60 ересек және 36 бала). Camp Mystic бес лагерьші мен бір кеңесшінің із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады, – деп жазылған.

NASA құтқару операциясын жүзеге асыруға көмек есебінде екі ұшақ қосты. NASA күн райының нақты барлау жүргізуге ырық бермей тұрғанын мәлімдеді.

Аудан тұрғындары басқа төнген қауіп туралы толық естерту болмады деп наразы болып отыр.

Еске сала кетейік, Техастағы су тасқыны 4 шілденің таңында басталды.  Аймақтағы Гвадалупе өзені жарылып, Керр округі мен басқа аймақтарды су басты. Су деңгейі небәрі 45 минутта 8 метрге дейін көтерілді. Қаза тапқандар арасында Керр округіндегі Mystic жазғы лагерінің азаматтары мен кеңесшілері бар.