«Израиль Палестинаның егемен ел болуына үзілді-кесілді қарсы» — Израиль премьер-министрі

Израиль Палестина мемлекетінің толық егеменді ел болуын қаламайды. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтты. Саясаткер АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
— Менің ойымша, палестиналықтар өзін-өзі басқаруға барлық өкілеттіктерге ие болып, бірақ бізге (израильдіктерге) қауіп төндірмеуі керек. Бұл жалпы қауіпсіздікке қатысты бар құзірет ұдайы түрде біздің қолымызда қалады дегенді білдіреді, — деді үкімет басшысы Таяу Шығыс мәселесін екі ел арқылы шешуге бола ма, деген мәселені нақтылау туралы өтінішке жауап бере отырып.
Нетаньяхудың айтуына қарағанда, Израиль өз қолын өзі кеспейді, Палестинаның тәуелсіз ел болуына ашық қарсылық білдіреді.
Трамп Палестина-Израиль жанжалына қатысты сұрақтан қашқақтап, екі мемлекеттің тең құқық алуы туралы сұраққа жауап беруден жалтарды.
— Мен білмеймін. Бұл сұрақты Беньямин Нетаньяхуға қойыңыздар, — деді АҚШ президенті.