Шығыс аңызының шұғыласына шомған ерекше қойылым. Жастар театрының талантты ұжымы көрерменін жаңа туындымен қуантпақ

Өнер кеңістігінде дара жолымен танылып, халықаралық, республикалық театр фестивальдерінде үздіктер қатарынан көрінген Жастар театрының талантты ұжымы көрерменін жаңа туындымен қуантпақ.
Шығыстың шымыр аңызына негізделген ерекше сахналық туынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаевтың «Қыр астындағы сол бір ғажайып әлем» әфсанасының желісімен жазылған «1001 ТҮН» қойылымының премьерасы театр сахнасында 28-29 маусым күндері, сағат 19:00-де сахналанады.
Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ.
Егер ғайыптан тайып, бір күні таңда патша болып оянсаңыз – не етер едіңіз?
Билік – бұл бақ па, сынақ па?
Тағдыр – бұл мүмкіндік пе, әлде тұзақ па?
Алақанында әлемді ұстаған хан иемнің жүрегінде не бар: күмән ба, күш пе, кек пе?..
Ал бәрі қолыңыздан сусып түссе ше – қайғы ма, қасірет пе, әлде шын бостандық па?
«1001 ТҮН» – бұл жай ғана қойылым емес. Бұл – жан мен жүректің, билік пен махаббаттың, сенім мен құпияның сахнадағы шайқасы.
Қиял-ғажайып әлемге еніп,
Ойнақы әуен мен нәзік қимыл арқылы
Өмірдің біз байқамайтын бояуын,
Іштегі үнсіз күрес пен үнді сезімді көркем өнер тілінде сезінесіз.
Сахналық шешім мен режиссерлік қолтаңбасы ерек, әсерлі қойылымды тамашалауға шақырамыз! Таңғажайып түндердің құпиясына куә болыңыз!
Баспасөз конференциясының өтетін күні: 28 маусым сағат 17:00
Бағдарламада:
- 17:00 – Баспасөз конференция
- 18:00 – Кофе-брейк
- 19:00 – Спектакльдің басталуы
Баспасөз конференциясына қатысушылар:
- Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты– Жастар театрының көркемдік жетекшісі,
- Ермек Аманшаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Анар Жүсіпова – Балетмейстер
- Асан Бораншы – Балетмейстер
- Мадина Май, Мәдениет саласының үздігі– Жастар театрының актрисасы
Модератор: Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Жастар театрының актері