Алматы қаласындағы Сайран көлінде кәмелетке болмаған бала суға кетті. Полиция баланың денесін тапқанын хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, суда екі бала болған.  Біреуі жағаға өз бетінше шыққан. Амал нешік, екінші баланы құтқару мүмкін болмаған.

Құтқарушылар іздеу жұмыстарынан кейін екінші баланың денесін тапқан.

Еске сала кетейік, қаладағы Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда шомылу маусымы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлаған еді.

Қайғылы оқиға болған дәл осы Сайран көліне шомылуға рұқсат етілгені айтылды.