Израиль мен Иран «бітімге келгенде» Bitcoin қарыштап, қайтадан 105 мың долларға дейін өсті

Израиль мен Ирандің «бітімге келгенде» Bitcoin қарыштап, қайтадан 105 мың долларға дейін өсті.
Қос елдің бітімге келгені ресми түрде хабарланғаннан кейін криптовалюта бағасы 3,2%-ға өсті. Bitcoin осы жылдың мамырындағы межеге жақындады.
Еске сала кетейік, Америка басшысы өз жазбасында қос елдің бітімге келгенін айтқан. Сонымен қатар, 24 сағат ішінде ешкім қайрата жаға жыртыспаса, соғыс тоқтайтынын жеткізді.
«Курсив» басылымының сараптауына қарағанда, бұл жаңалық әлемдік қаржы нарығына қысымды азайтып, инвесторлардың тәуекел активтеріне қайта бет бұруына жол ашты. Соның ішінде криптовалютаға деген қызығушылық айтарлықтай артты.
Көптеген ірі инвестициялық қорлар биткоинге қайта инвестиция құйып жатыр. Сарапшылар бұл тенденция жалғаса берсе, алдағы күндері биткоин 106 мың доллардан асып, 109–110 мың диапазонына көтерілуі мүмкін екенін айтады.