Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамалғаны хабарланды
10 маусымда бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды деген ақпарат тарады.
Жақсылықов Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл жайлы телеграм арнасында жазылды.
Тергеп-тексеру шеңберінде басқа ақпарат жария етілмейді. Ал, полиция департаменті әзірге пікір білдірген жоқ.
Еске сала кетейік, 8 маусымда Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.