Бұрынғы ел президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны хабарланды. Қаралы хабарды YEDILOV ONLINE арнасы жазды. 

Назарбаев әулеті қаза жайлы пікір білдірген жоқ. 

Ал Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның аман екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Сара Назарбаева Алматыдағы Президент істері басқармасына қарасты республикалық клиникалық ауруханада ем алып жатқан:

Алдын ала тараған мәліметке қарағанда, бүгін дәрігерлер өкпені жасанды желдету аппаратын өшіру туралы шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта аурухана аумағында күзет күшейтілген. Ғимараттың сыртында қара костюм киген қызметкерлер мен күзетшілердің саны артқан. Аурухананың кіреберіс қақпасы жабық тұр, ғимаратқа тек арнайы рұқсаты бар адамдар ғана кіре алады.