Жарық жұлдызын жырға қосқан жан. Ақын, әнші-сазгер Елена Әбдіхалықова еңбектерінің таныстырылымы өтеді

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2025 жылдың 14 мамыр күні, сағат 15.00-де ақын, әнші-сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Мәжитқызы Әбдіхалықованың «Менің жалғыз жұлдызым» және түрік тілінде жарық көрген “ Қош дерсің” атты жыр жинақтарының, сондай-ақ «Сағыныш-ғұмыр» атты партитуралар жинағының таныстырылымы өтеді.
Ақынның қос жыр жинағына әр жылдарда жазған өлеңдері мен әндерінің мәтіндері топтастырылған. Кітап жырсүйер қауымға арналған.
Ал «Сағыныш–ғұмыр» атты партитуралар жинағына сазгердің әр жылдары жазған көпшілікке танымал туындыларының оркестрге арналған партитуралары мен ноталары беріліп отыр. Кітап жалпы өнерсүйер қауымға, сондай-ақ кәсіби музыкалық оқу орындарына, ұжымдарға арналған.
Елена Мәжитқызы жуырда Елордада «Сағыныш ғұмыр» атты мерейтойлық кешін өткізіп еді. Концерт барысында өнер иесінің көпшілік сүйіп тыңдайтын «Есіңе мені алғайсың», «Сыр елі», «Көздеріңе ғашықпын», «Сені көрдім», «Барады жылдар жылжып», «Аманат», «Доспен қоштасу», «Маңғыстауым», «Қарағанды», «Ақтөбем» және басқа да әндерін қазақ эстрадасының танымал өкілдері Светлана Айтбаева, Дәурен Сейітжанов, Аида Байгелова, Арайлым Ыбыраева, Мұратбек Хайролда, Өзгеріс Шерікбай, жас әнші Шолпан Шарапатова орындап еді. Бірнеше әндерін автордың өзі орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ақын, сазгердің үш кітабының тұсаукесеріне белгілі Мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, Бақ өкілдері, оқырмандар мен өнерсүйер қауым қатысады
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Байланыс ақпараттары: Астана қаласы, Достық көшесі, 11.
e-mail: uak_2022@mail.ru
Аккредитация үшін: 87027639151