Elorda media group

«Бірінші болып қарсылас шебіне басып кірді». Ресей медиасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесіне қатысты тың дерек шықты

Ресейдің «Халық жадысы» («Память народа») порталында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевқа қатысты тың дерек шықты.  Платформада марапаттау парағы ашық жарияланып, құжат көшірмесі ұсынылды.

Құжатта белгілі қаламгер әрі жауынгер Кемел Тоқаевтың марапаттары мен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен сақталған мұрағат мәліметтері бар.

Құжаттардың бірінде Кемел Тоқаев 1945 жылдың қаңтар айында Польшаның аумағында көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталғаны айғақталған. 

«Тоқаев бірінші болып қарсылас шебіне басып кіріп, автоматының оғымен 5 немісті өлтіріп, жаралы бір немісті тұтқынға алды. Тұтқынды өз бөлімшесіне жеткізіп келе жатқанда, Тоқаевтың аяғына оқ тиіп, жараланады. Тоқаев тұтқынды атып тастап, жарасын таңып, ауырғанына қарамастан өз танкілеріне жеткен», – делінген құжатта.

«Бірінші болып жау шебіне кірді»: Ресейде Тоқаевтың әкесіне қатысты бірегей құжат құпиясыздандырылды

Сонымен қатар Ресейдің «Халық жадысы» порталында Кемел Тоқаевтың жауынгерлік жорығы таңбаланған карта ұсынылған.

Кемель Токаев © Photo : Портал "Память народа 1941-1945"

Кемел Тоқаев — 1923 жылы 2 қазан күні бұрынғы Талдықорған, қазіргі Жетісу облысының Қаратал ауданы, Қалпе ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келген.  Есімі елге танылған майдангер жазушы, драматург. Қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін салушылардың бірі әрі Ұлы Отан соғысының ардагері.