Қазақстан көмірін енді Қытайдың екі инвесторы өңдейді
05.05.2025

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында маңызды мәлімдеме жасады. Алда Қытайдың екі инвесторы Қазақстан көмірін өңдеуге тартылады.
— Елімізде көмір қоры ауқымды екенін ескерсек, бұл бағыт шикізаттық модельден бас тарту мен қосылған құнды арттырудың негізгі жолы бола алады. Осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда China Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді министр.
Сонымен қатар Ерсайын Нағыспаев жол картасының әзірленіп, ғылыми институттар қызметінің жанданып жатқанын мәлімдеді. Ірі көмір өндіруші компаниялардың өнім өндіру мен өңдеудің озық технологиясына көшкенін айтты.