Алматыда 85 жастың белесіне шыққан Нұрихан әже университетке түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағын таптырды.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне қарағанда, Нұрихан әже осы уақытқа дейін бала тәрбиесімен шұғылданған. Тұрмыс пен күйбең тірліктің қамымен жүріп, жоғары білім алуға мүмкіндігі болмаған. Десе де, әже биыл көптен бергі арманын орындап, ҰБТ сынағын тапсырып көрмекке бекінген. Туыс-туғаны мен балалары әжені қолдап, тіркелу процесінде көмек көрсеткен.

BAQ.KZ ақпаратына сәйкес, әже тестілеуге балаларын ертіп келіп, емтихан басталар алдында барлық талапкерлерге бата берді. Зейнеткер сәттілік тілеп, білім алуға және жаңа нәрсені үйренуге ешқашан кеш емес екенін еске салды.

Бұл жолы тестілеуден өтуіне компьютермен жұмыс істей алмауы кедергі болды. Бірақ Нұрихан апа міндетті түрде үйреніп, келесі жылы ҰБТ-ға қайта келетінін айтты, – делінген хабарламада.

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері де егде тартқан шағында білім алуға талпынған әжеге  денсаулық, толайым табыс тіледі.