750 млрд теңгеден астам қаражат үш ұлттық жобаны іске асыруға бағытталды

Былтыр «Жайлы мектеп», «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Қолжетімді интернет» сияқты 3 ұлттық жобаны жүзеге асыруға 751 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында 105 мектептің құрылысы аяқталып, 254 мың оқушы орны ашылды. Бұл 22 апатты, 69 үш ауысымды мектептің мәселесін шешуге, сондай-ақ 100-ден астам мектепте орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» 460 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. Биыл 195 нысанның құрылысы аяқталып, 32 көпбейінді аудандық аурухананы жаңғырту жоспарлануда.
Цифрландыру шеңберінде 2024 жылы 5G желілерімен қамту Республикалық маңызы бар қалаларда 30%-ға және облыстық маңызы бар қалаларда 15%-ға жетті.